Пешке пісетін тауық аяқтарын маринадтаудың бір әдісі

0 16

Пешке піскен тауық аяқтары шырынды әрі дәмді болып шығуы үшін оған түрлі маринад қолданады. Маринадты мойенез, томат немесе қаймақ негізінде дайындауға болады. Ал бүгін соя-бал маринадын дайындау жолын ұсынамыз.

Қажетті ингредиенттер:

— 1 ас қасық соя тұздығы;

— 1 ас қасық бал;

— 1 шай қасық қыша;

— 1 ас қасық сұйық май;

— 3 сарымсақ; — дәмдеуіштер (паприка, базилик, қара бұрыш);

— аздап тұз.

Дайындалу жолы: Тауық аяқтарын жібітіп, жуып, кептіріп қоямыз. Маринадқа арналған ингредиенттерді араластырып, тауық аяқтарына құямыз. Барлығын жақсылап араластырып, бетін пакетпен жауып, тоңазытқышта аз дегенде 3 сағат ұстау керек. Егер уақыт болса, түнге қалдырған жақсы. Содан соң маринады әбден сіңген тауық аяқтарын 180-200 градуста қыздырылған пеште 40-50 минут пісіресіз.

Дереккөз: massaqet.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.