Дәрігер-диетолог Елена Соломатина нан сатып аларда, өнімнің құрамына жіті назар аударуға кеңес берді.
Айтуынша, нан құрамы неғұрлым қарапайым болса, соғұрлым жақсы. Нан құрамы ұн, су және тұздан ғана тұруы тиіс. Алайда наубайханашылардың дені мұнымен шектелмейді, деп хабарлайды «Российская газета».
Сондай-ақ, Соломатина қара нанның ерекше пайдасын атап өтті. Наның бұл түрі дәрумендер мен амин қышқылына бай екен. Оның үстіне қара нанның калориясы аз.
Десе де, диетологтың сөзінше, дүкен сөрелерінен нағыз қара нанды табудың өзі мұң. Әдетте, сауда орындарында сатылатын өнімнің құрамында қарабидай ұны өте аз болады.
Дереккөз: Sputnik