Жылау мен күлу

0 30

Жылау

Жылау — адамның көңіл-күйінде тебіреніс (қуану, қайғыру, сағыну, залану) пайда болған кезде туындайтын құбылыс. Өмірде жыламайтын адам болмайды. Өмірдің тауқыметті шақтары болады екен, қалайда жылайтын күндер болады.

Біздің кейде жылағымыз келеді. Неге дейсіз ғой…

Тұрмыстың тақсыретін тартқан кезде жылағымыз келеді. Аурудың азабын тартып қиналған кезде жылағымыз келеді. Қарныңның ашқанына, киіміңнің жыртылғанына емес, ақылыңның жоқтығына жылағың келеді. Бір нәрсеге опық жеп назаланған кезде жылағың келеді. Өмірде біреуді сағынған кезде жылағымыз келеді. Қатты қуанып тебіренген кезде жылағымыз келеді. Бір нәрсеге айырықша әсерленген кезде жылағыңыз келеді. Сәтсіздікке жолығып, өкінген кезде жылағымыз келеді.

Күлкі

Күлкі — өмірдің ажары, тұрмыстың шаттығы. Күле алу, біреуге күлу — адамзатқа ғана тән қасиет. Алайда, ауру адам, аш адам, азап шеккен адам, тағдырдың талқысына түскен адам күле ала ма? Езуіне күлкі табы түсіп, жымия ала ма?

Біз кейде күлеміз, шынын айтар болсақ… Бір нәрсеге қуанған кезде күлкіміз үйіріледі. Табысқа қол жеткізген кезде мәз болып күлеміз. Әдемі киім кие алған кезде шаттанып күлеміз. Жақсы тамақ іше алған кезде масаттана күлеміз. Өмірде біреуді сүйе алғанымызға бақытты боп күлеміз. Өмірде біреу бізді сүйгеніне марқайып күлеміз. Қолымызға азын-аулақ тиын-тебен түскенде, денің сау, тірі жүргенің ойыңа түсіп миығыңды бір тартып қоясың. Өмірде адамша жасап жатқаныңа дән риза болып күлесің.

 Massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.