Шашқа пайдалы 5 май

0 2

Табиғи майлар шашты ылғалдандырады және жылтыратады, бас терісін қабыршақтану мен қышудан қорғайды және шаш өсуіне ықпал етеді. Ендеше, өзіңізге келетін майды таңдап, шашты қалпына келтіруді қолға алыңыз. Арган майы Бұл майды кейде «сұйық алтын» деп те атайды.

Арган майы – ең қымбат май. Оның құрамында Е дәрумені, омега-3 майлы қышқылдары және антиоксиданттар көп. Арган майы шашты зиянды ультракүлгін сәулеленуден қорғайды. Сондай-ақ ол басқалармен салыстырғанда аса майлы емес, сондықтан оны жиі қолдануға болады. Кірпікке арналған Е дәрумені Зәйтүн майы Әдетте, ас үйде тұратын зәйтүн майын шашты терең ылғалдандыруға қолдануға болады. Зәйтүн майымен бас терісіне массаж жасасаңыз, зәйтүн оның жағдайын жақсарта түседі.

Ал зәйтүн майымен шашты тарасаңыз, ол жұмсақ әрі тегіс болады. Алайда зәйтүн майын аптасына 1-2 реттен артық қолданбаған жөн. Оны бас терісі мен бүкіл шаш ұзындығына жағып, аздап массаж жасап, пакетпен орап тастаңыз. Оны 30 минут өткен соң сусабынмен жуып тастайсыз. Кокос майы Бұл май керемет қалпына келтіруші әсерге ие. Көпшілік оны иісі үшін жақсы көреді. Әрине, оның артықшылығы тек ол емес, кокос майында Е дәрумені өте көп.

Сондай-ақ кокос майында микробтарға қарсы тұратын қасиетке ие қышқылдар бар. Егер оны уақытылы қолданып тұрсаңыз, ұсақ инфекциялардан арыла аласыз. Кокос майының 20 пайдалы қасиеті Гүлшетен майы Зақымдалған шаш қоршаған ортаның негативті әсеріне төтеп бере алмайды: шашқа күнде шаң-тозаң отырып қалады. Бұл мәселені шешу үшін гүлшетен майын қолданған жөн. Себебі ол жақсы тазартушы қасиетке ие. Оған қоса, гүлшетен майында В дәрумені, темір және кальций бар. Сондықтан гүлшетен майын әлсіз, ұштанған шашқа пайдаланған дұрыс. Гүлшетен майының өзін емес, базалық майлардың бірімен (мысалы, зәйтүн майымен) араластыру ұсынылады. Майсана майы Майсана майы – жаңа шаштың шығуына ықпал ететін құрал. Ол Е дәруменіне, минералдарға және протеиндерге бай.

Бұл майдың құрамында шаш өзегіндегі қалыпты кератин деңгейін ұстап тұратын антиоксиданттар бар. Сондықтан ол шашты тегіс әрі қатты етеді. Майсана майы бас терісін қайызғақтың пайда болуынан қорғайды. Одан отыз минуттық немесе бір сағаттық маскалар жасауға болады.

 Massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.