+7 не 8. Телефон нөмірді екі түрлі терудің сыры неде?

0 1

Қазақстанда абонент нөмірінің кодын 8-бен де, +7-мен де теріп (сақтап), қоңырау шалуға болады. Алайда бұл екеуінің айырмашылығы бар.

Бұл екі нөмірдің айырмасы қандай екені шетелде жүргенде білінеді. Ал Қазақстан мен Ресейде жүрсеңіз, еш айырмашылығы жоқ. Нөмірді 8-бен де, +7-мен де бастап хабарласа бересіз.

Ал шетелде жүрсеңіз, өкінішке орай, нөмірді 8-бен теріп хабарласа алмайсыз. Ол жақта тек +7 ғана жұмыс істейді. Сондықтан шетелге шыққалы жатсаңыз, нөмірлердің барлығын +7-мен жазып алғаныңыз жөн.

Неге Қазақстан мен Ресейдің ұялы телефон нөмірлері 8-ден басталады дегенге келсек, оның себебі қарапайым. КСРО кезінде 1-ден 7-ге дейінгі нөмірлердің барлығы өрт, жедел жәрдем, құтқару, төтенше жағдай сынды арнайы қызметке телініп, тек 8 нөмірі ғана бос қалған.

Содан үй телефоны мен ұялы телефонның нөмірлерін 8-ден бастап теруге тура келген. Қазір +7 мен 8 қатар қолданылады.

Massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.