Жұмысқа қабылдау барысында қойылатын сұрақтар

0 14

Forbes HR менеджерлер жаңа маманды қабылдау емтиханы – әңгімелесу кезеңінде қойылатын сұрақтар тізімін жасады. Сіз де жауап беріп көріңіз.

Танысу сұрақтары:

Ереже бойынша кез келген әңгімелесу кезеңі танысудан басталады:

• Өзіңіз туралы аздаған мәлімет беріңіз.

• Біздің компания (мекеме, басылым) туралы не білесіз?

• Бұл вакантық орын туралы қайдан білдіңіз?

• Сізді не шабыттандырады?

Сіздің тәжірибеңіз бен кәсіби биографияңызға қатысты сұрақтар:

Жұмысқа қабылдаушы сіздің тәжірибеңіз туралы білуі шарт. Сол арқылы бос орынға дайынсыз ба, мекемеге сай келесіз бе шешім қабылдай алады.

• Өзіңіздің тәжірибеңіз туралы толығырақ айтсаңыз.

• Қазіргі жұмысыңызды неге ауыстырғыңыз келеді?

• Бұрынғы мекемеден неге кеттіңіз?

• Бұрын кездестірген кәсіптік қиын мәселені айтып, одан қалай шыққаныңызды түсіндірсеңіз.

• Тапсырманы орындау үшін, мекеме талабын орындамаған кезіңіз болды ма?

• Қай жетістігіңізбен мақтанар едіңіз? Жаңа қызметке байланысты сұрақтар: Жауаптар белгіленген қызмет түріне байланысты өзгеріп отырады. Бірақ, сұрақтар ұқсас келеді.

•  Өзіңізді неге осы лауызымға лайықты санайсыз?

• Сізде осыған сай келетін тәжірибе бар ма?

• Сізді бұл ваканттық орын неге қызықтырды?

• Бұл жұмыс сіздің мансап жолындағы жоспарларыңызға сәйкес келе ме?

• Жұмысқа  қашаннан бастап кірісе аласыз? Адамдармен қарым-қатынас дағдысы туралы сұрақтар:

• Басшыңызбен немесе әріптесіңізбен араларыңызда кикілжің болған сәт болды ма?

• Топтық жұмыс жасай алатыңызға сенімдісіз бе?

• Бұрынғы бастығыңыз бен әріптестеріңіз сізді қалай сипаттар еді?

• Өзіңіздің жұмыс істеу стиліңізді қалай сипаттайсыз?

• Егер басшыңыздың әділетіз әрекетін көрсеңіз не істер едіңіз?

Жаңа жұмыс орныңыз туралы сұрақтар: Бұл сіздің әңгімелесу кезеңіне қаншалықты дайындалғаныңызды анықтауға көмектеседі?

• Біздің компания туралы не білесіз?

• Біздің өнімді тұтынып көрдіңіз бе?

• Біздің қызметкерлердің арасында танысыңыз бар ма?

• Компанияның сайты туралы не ойлайсыз?

Айлық туралы сұрақтар:

• Бұрынғы қызметіңізде қанша айлық алдыңыз?

• Айлыққа байланысты қоятын талабыңыз бар ма?

• Сізге керекті айлық мөлшері қандай?

Қорытынды сұрақтар:

• Сұрағыңыз бар ма?

Massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.