Қышқыл сүт өнімдерінің ішіндегі ең пайдалысы – сүзбе. Себебі оның құрамында адам ағзасына жеңіл сіңетін ақуызы аминқышқылға толы. Олардың ішіндегі ең пайдалысы – метионин. Метионин бауырдың жұмысын реттеп, ағзаны уланудан сақтайды. Сонымен қатар ағзадағы холестерин деңгейін төмендетеді. Қан қысымды реттеп, ұйқыны жақсартады және стрестік жағдайларды болдырмауға көмектеседі. Бір ауызбен айтқанда, сүзбенің адам ағзасына пайдасы өте зор.
• Сүзбенің құрамы кальцийге өте бай әрі калий, фосфор, магний, темір бар. Ал дәрумендерден А, В, С, Н, РР, Е кездеседі. Сол себепті сүзбе түрлі аурумен ауыратын адамдарға тұтыну керек өнімдердің бірі. Мәселен, жүрек қан-тамыр мен жүйке жүйесінің ауруларында, жоғары тыныс жолдары қабынғанда, бауыр мен бүйрек ауырғанда сүзбені өз мәзіріңізге қосыңыз. Сонымен қатар қант диабеті мен қан қысымы артқанда да пайдаланған тиімді. Алайда шамадан тыс тұтынбаған жөн. Күніне 300 гр сүзбеден 3 рет жесеңіз ғана пайдасын көре аласыз. Әйтпесе бәрі де керісінше болуы мүмкін.
• Сүзбе балалар мен аяғы ауыр әйелдерге өте пайдалы. Себебі жаңа жасушалардың пайда болуына әрі жүйке жүйесінің дұрыс дамуына көмектеседі. Ал құрамындағы темірдің арқасында қаназдыққа қарсы тұра алады.
• Артық салмақтан айығу үшін де сүзбенің пайдасы мол. Ол үшін сүзбенің тек майсыз түрін ғана таңдаңыз. Оның құрамындағы көмірсудың мөлшері аз болғандықтан, қарынды қатты аштырмай жеу керек. Ал керісінше майлы сүзбе артық салмақ қосқысы келіп жүргендерге таптырмайтын өнім.
• Сүзбеден компресс жасау арқылы да аурудан айығуға болады. Ол үшін тұмауратқан кезде сүзбе мен балды араластырып кеудеге компресс жасау керек.
• Сүзбемен беттің әртүрлі терісіне қарай масканың түр-түрін жасауға болады.
• Асқазан жарасы мен іш ауырғанда престелген сүзбені жеген дұрыс. Ал дұрыс сақталмаған сүзбенің зияны көп. Себебі тұрып қалған сүт өнімінде бактериялар тез көбейеді. Сол себепті тек сүзбенің жаңа дайындалғанын тұтыныңыз.