Қарыз шешім қабылдауды қиындатады

0 0

Көп қарыз алатын, көп қарызға бататын адамдар өздігінен оңай шешім қабылдай алмайды екен. Әсіресе қаржылық жағдайда. Себебі қарыз адамның миы мен психологиялық жай-күйіне айтарлықтай зиянын тигізеді.

Сингапур ұлттық университеті мамандары жүргізген зерттеулер бойынша біршама қорытындылар жасалған. Оның ішінде қарызданудың зияны баса көрсетілген. Ылғи қарыз болып жүретін жандар маңызды шешім қабылдауда қиналады екен.

Зерттеу жұмысы 2015-2017 жылдар аралығында жүргізілген. Оған 200-ге жуық ерікті қатысқан. Олардың барлығының несиесі болған. Табысы жоғары болмаған. Сараптама алдында барлығы толықтай тексеруден өткен. Когнитивті мүмкіндіктері, қобалжу деңгейі, қаржылық шешім қабылдаулары басты назарға алынған. Зерттеу нәтижесінде қарызы аз қалған, тіпті несиесін толықтай төлеп біткен жандардың денсаулығы түзеліп, көңіл-күйі көтеріліп, шешім қабылдауда белсенділігі артқан.

Қарыз алу да әдетке айналып кетуі мүмкін. Кейде боларға да, болмасқа да қарыз сұрау берудің қажеті шамалы. Қолыңда бар қаржыны үнемдеп жұмсасаң бәріне де жетуі мүмкін. Себебі кей адамдар ақшасы азайған сайын (еңбекақысы түсетін уақытқа дейін жететін болса да) күйбелектей бастайды. Қарыз алып барып, көңілі жайланады. Мұның өзі — психологиялық жай-күйдің бір ауытқуы саналады.

Денсаулық – басты байлық. Ал психологиялық жай-күй – жан демеуі. Екеуін қатар сақтағыңыз келсе қарыздан бір қадам алыс жүргеніңіз абзал.

 Massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.