– Этикет ережесі бойынша, әйел заттарын сөмкесінің сыртына шыққанша толтырып ұстамау керек. Сөмке сатып аларда өзіңізбен бірге алып жүретін заттарыңызды есептеп не сөмкенің ішіне салып көріп бағалау керек. Барлық затыңыз сөмкеге оңай сыю керек. Сөмке 5 кг картопқа дейін сыятындай болмауы керек. Сауда жасауға арнайы матадан жасалған шопер-сөмке болуы тиіс. Мұндай мата сөмке бүктеліп жиналып, сөмкеңізге жеңіл сыйып кетеді. Сондықтан оны өзіңізбен бірге алып жүрсеңіз болады.
– Сөмкені үстелдің үстіне қоймаған жөн. Егер өте кішкентай сөмке немесе клатч болса, мейрамханада үстел үстіне қоюға болады. Қоғамдық жерде сөмкені орындықтың арқасына немесе ілгішке іліңіз.
– Сөмкені отырған жеріңізде артыңызға қыстырып қою немесе тізеңізге қойып отыру әдепсіздік саналады. Егер қоғамдық көлікте немесе емханада кезекте отырсаңыз ғана сөмкені тізеге қоюға болады.
– Әйел сөмкесінен бір затты іздеу мақсатында барлық затын сыртқа шығарып, оларды жұрттың көзінше қарауы ерсі көрінеді. Сөмкенің іші және ондағы заттар құпия болып қалуы керек. Этикет бойынша, сөмке адамдардың көзінше ашық қалмауы тиіс. Жұмысқа немесе сабаққа келе сала сөмкеңізді алып, ішіндегі заттарымен бірге ашық тастап кету әдепсіздікке жатады.