Мұсылмандардың ең сүйікті уақыты — Рамазан айы. 2021 жылы Қазақстанда Ораза айы қашан басталатынын ҚМДБ өкілдері жария етті.
Биыл Рамазан айы 14 сәуірден басталады. Осы күннен бастап мұсылмандар ораза тұтады. Алланың әміріне жүгінген әрбір мұсылман бұл айда исламның үшінші парызын орындауға асығады.
Басқа күннің бәрінде мұсылман қауымға күнә жасауға тыйым салынады. Ал Рамазан айының сауабын пайдаланып, жаман әдеттен, күнәдан тыйылуға, күнәсі үшін кешірім тілеуге асуғу керек.
Ораза тұтқан адам рухани тазарып, күнәларынан арылады. Ауызашар алдындағы тілеген дұға қабыл болатыны көптеген хадисте айтылады. Медицина тұрғысында да оразаның адам денсаулығына пайдасы бары анықталған.
Алайда науқас, денсаулығы сыр берген, емізулі баласы бар әйелдер ораза ұстауға міндеттелмейді.
«Ораза ұстаушы екі жағдайда қуанады. Бірі ауыз ашқан сәтте, екіншісі Раббысын кездестіргенде» делінген деректерде.
Ораза ұстаушыға ғана емес, ауыз аштырған адамға да сөзсіз сауап жазылады.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «бір құрма берсеңдер де, ауыз аштырыңдар» деген хадисі бар. Ораза ұстай алмай қалған жандар ораза ұстаушылардың аузын ашып, осылайша сауап жинайды.