«Балаларыңды үйге қайтар»: Қайрат Нұртас елден сөз естіді

0 13

Отандық танымал әнші Қайрат Нұртас желіде бала күнгі суретімен бөлісті. Көпшілік әртістің кішкентай ұлы Ханның әкесінен айнымай қалғанын жарыса жазды. Кейбір желі қолданушылары өнер иесінің ажырасқаны туралы қауесеттерінен кейін оны сынға алып, балаларын үйіне қайтаруға кеңес берді деп жазады KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Zhambylnews.kz AA.

Қайрат Нұртас кішкентай кезіндегі фотосын Instagram парақшасында жариялаған. Онда бас киім киіп алған балақай Қайраттың қолында ойыншық ұстап отырғанын көруге болады. Желі қолданушылары шоу-бизнес жұлдызының бала күнгі суретіне тәнті болып, оған өз жылы лебіздерін білдірген.

Қалың көпшілік әнші мен оның кіші ұлы Ханның өзара қатты ұқсайтындарына таңдаған. «Ханның көшірмесі» , «Хан әкесінен айнымайды екен ғой» , «Мен мына баланы Хан деп қалдым. Әкесі мен баласы қалай қатты ұқсайды» , » Тәтті балақай» , «Еш өзгермеген» , «Бұд Хан емес пе?» , «Хан әкесінің аузынан түсіп қалғандай» , » Хан деп қалдым. Ұлыңыз сізге қатты ұқсайды екен» , — деп жазды халық. 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.