Мектеп формасының үлгісі өзгереді

0 46
ҚР Білім және ғылым министрлігі Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға түзетулер әзірледі,  — деп хабарлайды  «ZhambylNews» АА Zakon.kz- ке сілтеме жасап. 

Талаптардың мақсаты – жалпыға міндетті мектеп формасын қолдануда орта білім беру ұйымдарының көзқарастарының бірлігін қамтамасыз ету, ата-аналардың мектеп формасына оң көзқарасын қалыптастыру, білім беру ұйымдары мен кеңестер (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті) басшылығының жауапкершілігін арттыру, білім берудің зайырлылығын сақтау.

Сонымен қыздарға арналған мектеп формасына мыналар кіреді:

  • пиджак, жилет, юбка, шалбар, түймелері немесе құлпы бар тоқылған кардиган (бомбер), классикалық блузка (қысқы кезең: тоқылған жилет, сарафан, водолазка). Еркін, кең тұратын, аяқтың тобығын жауып тұратын қыздарға арналған шалбар.

Мектеп формасына орта білім беру ұйымдарының ерекше белгілерін (эмблемасын, патчтарын, шеврондарын және т.б.) тағуға рұқсат етіледі.

Мектеп формасының түсін, стилін және белдемшенің ұзындығын таңдауды орта білім беру ұйымы және жалпы мектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітілген кеңес (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті) анықтайды.

Бұл ретте жеке мектеп формасын өндірушілердің артықшылығына жол берілмейді. Ата-аналар өндірушіні таңдауда және мектеп формасын сатып алуда тәуелсіз.

Бұл ретте облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беру органдары ата-аналар мен білім беру ұйымдарына әкімшілік-аумақтық бірлік үшін мектеп формасының бірыңғай түсін таңдауды ұсынады.

Мектеп басшысы мектеп формасының сақталуы туралы мәселені кеңеске (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті) қояды.

Құжат 22 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтына жарияланған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.