10-11-сынып оқушыларына бір уақытта мектепте де, колледжде де білім алуына болады

0 21

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда 10-11 сынып оқушылары бір мезетте мектепте де, коледжде де оқи алады, деп хабарлайды  31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасы.

Оқу-ағарту министрлігінің шешімімен бұл пилоттық жоба ретінде қосылады. Мұндай қос деңгейлік білім беруді экс-министр Асхат Аймағамбетов енгізген.

Түске дейін мектепте сабақ оқып жүрген оқушы түс қайта кәсіби білім беретін арнайы оқу орнында білім алуына құқылы. Оқушы мамандықты да өзі таңдайды. Бұл бюджет қаражатының есебінен жүргізіледі.

Экспериментті білім беру алдағы екі оқу жылында тәжірибе ретінде қосылады. Қазір әр өңірден тек екі кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарымен келісім жасалды. Олар 16 мамандық бойынша жұмысшы мамандарды дайындайды. Колледждерде қосымша білім алатын бала саны 15-тен аспауы керек. Жұмысшы мамандығын алған әрбір шәкірт кәсіптік-техникалық оқыту ұйымының дипломын алып шығады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.