«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 2023-2024 оқу жылына 850 білім грантын бөлді

0 14

 «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 2023-2024 оқу жылына 850 білім грантын бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдымен бұл бағдарлама бойынша кімдер конкурсқа қатыса алатынын айта кетейік:

Ағымдағы жылы ҰБТ тапсырған (қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз ҰБТ сертификаттарының бірін ұсынуға болады) және жоо-ға түсу үшін шекті балдарды жинаған түлектер:

ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы жағдайы төмен отбасылардан шыққан адамдар;

жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

мүгедектігі бар азаматтар;

мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының балалары;

2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар;

төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары.

Бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды.

Өтініш беру мерзімі: 10-17 тамыз.

Құжаттарды ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы тапсыру керек.

Ескерту: Грант иегері оқуын аяқтағаннан кейін оны өтеуге міндетті емес.

Толық ақпарат @qazaqstanhalqyna.kz қорының сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.