Қазіргі таңда Алматы қаласыда 20 «жайлы мектептің» құрылысы жүріп жатыр.
Kazinform сауалына жауап берген қалалық Білім басқармасының деректеріне сәйкес, биыл қыркүйектің алғашқы күні мегаполисте 15 мектеп ашылады. Бұл білім ордаларының екеуі Алматы қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша, ал қалғаны «Жайлы мектеп» жобасы аясында ашылады.
— Жаңа мектептер салынып болған соң, оқушы орындарының саны бойынша мамандар бекітіледі. Мұғалім және өзге қызметкерлер саны алдағы тамыз айларында анықталады. Жеке меншік мектептердің ашылуы маусым-шілде айларында белгілі болады, — деп хабарлады басқармадан.
Жалпы бүгінгі күні қалада мемлекеттік меншіктегі 216 мектеп және 131 жекеменшік мектеп бар.
Одан бөлек Алматының Бостандық ауданы Асқаров көшесінің бойында Ұлттық Абай мектебі салынып жатыр. Мектеп 900 оқушы орнына арналған және мұнда балаларға арналған интернат, оқытушылар үйі, кітапхана, спорт кешені қарастырылған. Ол да осы жылы ашылады деп жоспарланып отыр.
Еске салайық, Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Президент «Жайлы мектеп» құрылысы мәз емес екенін айтты.