Мектепте қыздарға орамал тағуға рұқсат берілуі мүмкін

0 261

Мектепте қыздарға орамал тағуға рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы Білім және ғылым министрі бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында айтты , —  деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Министрдің айтуынша, дәл осы мәселеге байланысты мектепке бара алмай жүрген оқушы қыздар бар.

«Бірақ Қазақстан зайырлы мемлекет, мектеп те зайырлы мекеме. Сонау 2016 жылы қабылданған бұйрық бар, талаптар да бар. Дегенмен, әр түрлі топтардың инклюзивтілігін қамтамасыз ету маңызды екенін көріп отырмыз. Ата-анасы, орамал таға алмағандықтан мектепке жібермей жүрген қыздардың мәселесін қарастыра алар едік. Осы себептердің әсерінен балалар мектепке бармаса немесе қашықтан оқуға көшуге мәжбүр болса, бұл кері әсер етеді, ал біз инклюзивті қоғам болуымыз керек», – деді Асхат Аймағамбетов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.