Жігер Ауыпбаев әкесіне тұлпар мінгізді. Әнші асқар тау әкесін тосынсый жасап қуантты. Бұл жоспарын желі қолданушыларына өзі айтты.
“Әкемізге кішігірім сыйлық жасаған едік. Сіздерге де жұғысты болсын. Жақсылықты бөліссең, көбейеді дейді ғой. Әзірге көлік жүргізіп үйреніп алғанға дейін 2-3 ай осы көлікпен жүре тұрамыз. Одан кейін тағы да бөлісеміз. Ол кезде көрімдік сұраймыз. Тегін көру жоқ енді. Ата-ана сенің жақсылығыңа ең лайықты адамдар. Кімде-кім ата анасын риза қылса, Алланы риза қылғаны, егер ата-анасын ашуландырса, Алланы ашуландырғаны», –деп жазды Ауыпбаев.
Әкесі алғысын білдіріп, риза болды.
“Бала шағамның, қыз-күйеу балаларымның, келіндерімнің арқасында көлікті болып жатырмыз. Алла разы болсын! Рахмет!”, – деді Жандос Ауыпбаев.
Әріптестері мен желідегі тыңдарманы құтты болсын айтып, ризашылығын білдірді.
“Алла разы болсын, жарайсыздар, Жәкем”, – деп жазды Мереке Қалбаева.
“Алла разы болсын, бауырым”, “Машаллах! Құтты болсын”, “Әкелер барлық сыйлыққа лайық”, “Әке көрген оқ жонар! Темір тозса да, өзің тозба, батыр бала!”, “Алла разы болсын. Құтты болсын. Игілігіне мінсін”, “Құтты болсын. Алла разы болсын сіздерге”, – деп жазды желідегілер.