«Тек алға»

0 16

Кетер бәрі қалмас енді мәңгілік.
Қоштасарсың бәрін артқа қалдырып.
Кеткен күндер оралмайды қайтадан.
Естеліктер қалады тек жаңғырып.

Өтер бәрі тоқтауы жоқ уақыттың.
Қадірін біл басыңдағы бақыттың.
Бағаламай талайларды шіркін-ай.
Күлкі орнына мұң шарабын татыппын.

Өшер бәрі қала алмайды жалындап.
Күлге айналар мейлі қанша бабын тап.
Достым менің күдер үзбе сонда да.
Жүрегіңе үмітіңнің шамын жақ.

Өтер, кетер, өшер мейлі тоқтама.
Өткеніңе көп үңілме,жоқтама.
Сеніміңе жүрме секем түсіріп.
Жігерлі бол, ойы терең, күші нық.
Ал дүние тоқтар болса сәт қана.
Шешер оны Алла дейтін сот қана.

Абдулхайыров Ерболат

Leave A Reply

Your email address will not be published.