Індеттің таралуын алдын алу үшін аудандық орталық ауруханада екпе егу жұмыстары екпінді жүруде. Бүгінде Жуалы ауданы тұрғындарының 6000-нан астамы ревакцинациялаудан өтті. Сонымен қатар бүгінгі күнге дейін Pfizer «Комирнати» вакцинасын 2334 адам, оның ішінде 12-17 жас аралығындағы 1828 бала,16-37 апта аралығындағы 178жүкті әйел, 328 емузілі ана І компонентін салдырған , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Ал, екпенің ІІ компонентін 12-17 жас аралығындағы 765 бала және 48 емізулі ана салдырған және 75 жүкті әйел алған .
Егер Сіз індетке қарсы екпе салдырмаған болсаңыз, жақын арада шешім қабылдаңыз! Өйткені бір уақытта және жаппай вакцинациялау ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға және бәрімізге тез арада әдеттегі өмір салтына оралуға мүмкіндік береді. Сондықтан да өздеріңізге індетті жұқтырып алмас үшін, өз денсаулықтарыңызға немқұрайлы қарамаңыздар, әлемдегі пандемияның жалғасуын ескере отырып, халықты вакцинациялауға және қарапайым сақтық шараларды сақтауға шақырамыз.