«Қазгидромет» РМК 7 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде солтүстік-батыстан келген антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың солтүстік және шығыс өңірлерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр және қар жаууы ықтимал.
Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жел күшейеді. Сонымен қатар, солтүстік-батыс, солтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтардың таулы өңірлерінде — тұман, ал оңтүстікте — шаңды дауыл күтіледі.
Алматы және Жетісу облыстарында түнгі уақытта 1-6 градус үсік жүреді.
Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында 1-3 градусқа дейін аяз болады.