Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы тағайындалды

0 240

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, Ішкі істер министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы болып Баймурзин Арманбек Хакимбекұлы тағайындалды. Басшыны жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Баймурзин Арманбек Хакимбекұлы 1974 жылы дүниеге келген, ішкі істер органдарында 1992 жылдан бастап қызмет атқарады.

2004-2012 жылдары ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитетінің басқарушылық лауазымдарында қызмет етті. Әр жылдары Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары,
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаментінің бастығы, 2019 жылдың қазанынан бастап осы уақытқа дейін Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы қызметтерін атқарған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.