«Қаралма» тау-шаңғы базасының құрылысы қайта жанданды, — , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Қазір мұнда негізгі жұмыстардың 90 пайызы аяқталыпты. Жол салынып, электр желісі мен газ құбыры тартылған. Келушілерге арналған көлік тұрағы, мейрамхана мен қызмет көрсету орталығы, арқанжолдар, сырғанау жолақтары салынып біткен. Котедждердің әрлеу жұмыстары аяқталуға таяу.
Нысан құрылысына бүгінге дейін 4 млрд теңгеден астам жеке инвестиция жұмсалыпты. Бұдан бөлек 488 млн теңге мемлекеттік бағдарлама аясында несиеге алынған. Құрылысты толық аяқтау үшін енді 1 млрд теңге қаржы қажет. Құрылыс жұмыстарынан бөлек, нысанға шынжыр табанды техника алынып, жасанды қар жасау қондырғысы қойылады. Жұмыс жоспардан кешікпесе, Жуалы ауданы аумағындағы тау-шаңғы базасы жыл соңында туристерді қабылдайды деп күтілуде.