Назарбаев мектебі түлектерінің 95 пайызы гранттарды иеленеді

0 25
Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-12-сынып аралығындағы 33 сынып-жиынтығында 704 бала білім алуда. Оның 696-сы грант, 8-і ақылы негізде болса, 1-еуі – экстернат (FLEX). Мектепте 110 жергілікті және 3 шетелдік педагог қызмет етеді. Бүгінгі күнге дейін мектеп қабырғасынан 719 түлек шықты. Олардың 65-і әлемнің беделді университеттеріне түссе, 186-сы Назарбаев Университетіне шақыртулар алған. Жыл сайын түлектердің шамамен 95 пайызы мемлекеттік гранттарға ие болуда. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде мектеп директоры Қаракөз Абдрахманова айтты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
2018 жылдың қарашасында бұл білім ошағы vмектептер кеңесінің (CIS) аккредиттеуінен сәтті өтіп, аталған беделді ұйымның мүшесі атанған екен. CIS қоғамдастығына кіру мектеп алдында дамудың кең перспективаларын ашады
«Сондай-ақ, өткен оқу жылынан бастап мектеп ЮНЕСКО ұлттық клубының құрамына кірді. Оқушылар аталған клубтың түрлі халықаралық маңызды шаралары мен байқауларына белсене қатысуда. Мектептің оқушылары жыл сайын Мәскеу, Якутия, Санкт-Петербург, Балтық, Ереван, Калифорния, Анкара, Вирджиния, Королев сынды шет ел қалаларында өтетін беделді олимпиадалар мен жобалар байқауларында жетістіктерге жетуде», — деді Қаракөз Ізбасарқызы.
Ол мектепте оқушылардың интеллектуалдық және зерттеу дағдыларын дамытуға арналған элективті курстар да қарастырылғанын да жеткізді. Олар роботқұрастыру, аэроғарыштық модельдеу, химиядағы зерттеу әдістері, Жамбыл облысының биологиялық-экологиялық зерттеулері, Тараз қаласының аумағын геоэкологиялық зерттеу, Жамбыл облысының тарихи-мәдени өлкетануы сынды бағыттарды қамтиды. Спорт пен шығармашылыққа арналған 20-дан астам түрлі үйірмелер жұмыс атқарады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.