Қала аумағындағы барлық субұрқақтар 1 мамыр күні іске қосылады

0 16
Қала аумағындағы барлық субұрқақтар 1 мамыр күні іске қосылады. Қазіргі таңда олардағы техникалық ақуларды қалпына келтіру, соңғы пысықтау жұмыстары жүргізілуде , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Сонымен қатар шаһар бойынша 65 ауланы абаттандыру үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Кезекті аппарат отырысында келесі мәселелер қаралды:
— «Қызыл сызық» талаптары сақталмай салынған құрылыс нысандары мен дүңгіршектерді, құрылыс нысандарының қоршауларын, көрнекі ақпарат құралдарын ретке келтіру бойынша атқарылған жұмыстар;
— 2021 жылы жүргізілген құрылыс нысандары мен қайта жаңғырту бойынша кемшіліктерді қалпына келтіру жұмыстары;
— Эпизоотиялық жағдай және жабайы ит-мысықтарды аулау бойынша атқарылған жұмыстар.
Тараз қаласында 35 «сақалды құрылыс» нысаны анықталған. Түсіндіру жұмыстары нәтижесінде 2 нысан қабылдау актімен рәсімделді, 4 нысанның құрылысы аяқталды. Өткен жылы жалпы саны 131 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілсе, 78-і толығымен аяқталып, пайдалауға берілді. Ал, 53-і биылғы жылға өтпелі.
Аяқталған нысандар бойынша жауапты мердігер тапсырыс берушіге 3,5,10 жыл мерзімінде кепілдік береді. Осыған сәйкес құрылыс компаниясы барлық кемлішікітерді қалпына келтіруі тиіс. Жиында Ержан Жылқыбаев тұрғындар шағымы бойынша 15 мөлтек ауданы №992, № 997, №1025 тұрғын үйлердегі ақауларды қалпына келтіру жұмыстарын жауаптылардан сұрады. Және бұл мәселе жеке қадағалауында болатынын жеткізді.
Биыл түрлі мал ауруларымен күрес және ит-мысықтарды аулау жұмыстарына 8 млн-ға жуық қаржы бөлінді. Эпизоотиялық жұмыстар ішінде қаңғыбас иттермен күрес жұмыстары да басты назарда. Қала тұрғындары тарапынан биыл қаңғыбас ит мысықтарды аулау үшін 730 өтініш келіп түсті. Арнайы бригада 1526 қаңғыбас ит-мысықты аулады.
Тұрғындарға иттерді байлап ұстау, көшеге бақылаусыз шығармау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Жиында қаралған үш мәселе бойынша шешімдер шығарылып, жауаптыларға тапсырма берілді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.