Алтын өндіретін компаниядан шамамен 4 тонна мыс ұрланды

0 19

Алтын өндіретін компаниядан шамамен 4 тонна мыс ұрланды. Бұл туралы, осы кәсіпорын басшылығының полицияға жазған шағымынан белгілі болды — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Жәбірленуші тарап белгісіз жағдайларда компанияның орталық қоймасынан жалпы көлемі 11 миллион теңгеден асатын металды жасырын ұрлап кеткені туралы хабарлады.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Мойынқұм ауданының полиция қызметкерлері осы кәсіпорынның 32 және 30 жастағы екі қызметкерін анықтап, ұстады.

Ұсталғандар кінәларын толық мойындады.

Тергеу барысында күдіктілер алдын-ала сөз байласу арқылы қоймадан алып шыққан мысты бірден металл сынықтарын қабылдау орнына тасып апару арқылы үш рет ұрлық жасағандары анықталды.

Ұрланған металдың бір келісін 3000 теңгеден қабылдаған, жалпы құны 9 000 000 теңгеден асқан. Күдіктілер ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсады.

Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.