«AMANAT» партиясы Тараз қалалық филиалының бастауыш партия ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстары өтуде

0 16
«AMANAT» партиясы Тараз қалалық филиалының бастауыш партия ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстары өтуде.
Бүгін, есеп беру-сайлау жиналысы «Қазақстан Темір Жолы» мен «Бәйтерек» бастауыш партия ұйымдарында болып өтті. Бастауыш партия ұйымының 2021-2023 жылдары атқарған жұмыстарының есебі, Бастауыш партия ұйымының Бюросын (төрағасын) сайлау, «AMANAT» партиясы Тараз қалалық филиалының кезекті конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер қаралды.
Жиынға хатшылық етушілер сайланғаннан кейін, күн тәртібі таныстырылып, жұмыс регламенті бекітілді. Онда аталған бастауыш партия ұйымы Бюросының 2021-2023 жылдар аралығында атқарған жұмысы туралы есептері тыңдалды. Есепті кезеңде бастауыш партия ұйымы тарапынан «AMANAT» партиясының бағдарламалық құжаттарын, мақсат-мүдделерін жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілгендігі баяндалды.
Аталған жиынға «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасының орынбасары Е.Жұмабек қатысып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бастауыш партия ұйымының есепті кезеңде атқарған жұмыстарына қанағаттанарлық деп баға берді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.