Мойынқұмда «Отанымның солдатымын кешегі!» атты патриоттық іс – шара өтті

0 13

25 қазан -Республика күніне орай Қазақстан Республикасы «Таулы Қарабақ ардагерлері мен мүгедектерінің Республикалық одағы» Республикалық Қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудан әкімдігінің қолдауымен аудан орталығындағы мәдениет үйінде жастар мен келешек ұрақты патриоттық тәлім-тәрбиеге, ұлт жандылыққа, Отанға деген ыстық ықыласқа баулу негізінде «Отанымның солдатымын кешегі!» атты патриоттық іс – шара өткізілді.

Іс шараға аталған Қоғамдық бірлестіктің төрағасы Базарбаев Ерғали және Қазақстан Республикасы «Таулы қарабақ ардагерлері мен мүгедектерінің Республикалық одағы» Республикалық Қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы филиалының төрағасы Ізтілеуов Дәурен Тұрғынәліұлы және Жамбыл облысы аудандарынан ардагерлер келіп қатысты.

Алғашқы болып құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімінің міндетін атқарушы Төлегенов Сәбит Орынбетұлы қонақтарға ұйымдастырып отырған патриоттық шараның жас өспірімдер үшін маңыздылығын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі. Өз тараптарынан келген қонақтар Мойынқұм ауданындағы ардагерлеріне Алғыс хаттар мен төсбелгілер тақты, сондай ақ аудандық филиалына төраға сайлады.

Іс шара соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының орындауындағы патриоттық бағыттағы ән шашумен жалғасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.