Облыстық прокуратура мен аумақтық кәсіподақтар бірлестігі меморандумға қол қойды

0 12

Жамбыл облысында еңбек дауына жол бермеу мәселесі прокуратура тарапынан қатаң қадағаланатын болады. Бүгін облыстық прокуратура мен аумақтық кәсіподақтар бірлестігі әлеуметтік әріптестікті нығайту туралы ортақ меморандумға қол қойды.

Жамбыл облысында 270 мыңнан астам адам кәсіподақ мүшесі. Тек білім саласында 67 мың адам бар. Кәсіподақ ұйымдарының міндеті – осы қызметкерлердің құқықығын қорғау. Жиында бұдан бөлек, жалдамалы жұмысшылардың жағдайы да айтылды. Жалақының дер кезінде берілмеуі, әлеуметтік пакеттердің сақталмауы, жұмыс берушілермен келісім-шарттың болмауы секілді мәселе көбейіп жатыр. Осындай кемшілікке жол берген 35 жұмыс беруші жауапкершілікке де тартылыпты. Ортақ келісімге қол қойған екі тараптың ендігі міндеті – өзекті мәселелерді бірлесе шешіп, заңсыздықтармен күресу болмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.