Тұрар Рысқұлов ауданында Отбасы үлгісіндегі балалар үйі ашылды

0 31

«Отбасы — бақыт мекені» атты республикалық апталық аясында Тұрар Рысқұлов ауданында Отбасы үлгісіндегі балалар үйі ашылды. Бұл өңірде ашылған 18-ші үй, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылының тұрғыны Ботагөз Бакеева өзінің 4 баласымен қоса, Өмірлік қиын жағдайға қалған балаларды қолдау орталығының 8 тәрбиеленушісін бауырына басты.

Бүгінде аталған орталықта 64 бала тәрбиеленуде. Бұл цифр жыл сайын азаюда. Басты себеп – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

Облыста Жамбыл, Мерке аудандары мен Тараз қаласында құрылған отбасы үлгісіндегі балалар үйлері оң нәтижелерін көрсетуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.