ҚМБД-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт Мырзағалиев қажы жұмыс сапарымен Тұрар Рысқұлов ауданына келді. Бас имам ауданның діни ахуалы мен ауылдық мешіттердің жағдайын танысып,өңірдегі өзекті проблемаларды зерделеді,-деп хабарлайды «Zhambylnews» АА .
Т.Рысқұлов ауданының бас имамы С.Джадыраевқа аудандағы діни ахуалға жіті көңіл бөлуді, аудан имамдарының біліктілігін арттыру, ауыл халқымен тәрбиелік шараларды жүргізуде рухани мазмұны бай шаралар өткізіп тұруды тапсырды. Халық арасында теріс ағымға бет бұру фактілері анықталған жағдайдағы жұмыс алгоритмі,имамдардың міндеті туралы ақпараттармен бөлісті.
Жұмыс сапары барысында бас имам Б.Мырзағалиев аудан әкімі Е.Садырқұловпен кездесіп,аудандағы қоғамдық-саяси ахуал,халық арасындағы діннің насихатталуы,мешіт имамдарының жұмысы,міндеттері туралы ақпараттармен танысып,пікір алмасты.Облыстық деңгейде атқарылатын шаралар аясында ауданда біліктілікті арттыру бағытында жұмыстарды жандандыру туралы ортақ ұсыныстар білдірді.