Жамбыл облысында 1324 бірлік автобуспен жолаушыларға қызмет көрсететін 29 тасымалдаушы мекеме бар

0 0
Жамбыл облысында 200 бағыт бойынша 1324 бірлік автобуспен жолаушыларға қызмет көрсететін жеке меншік нысандағы 29 тасымалдаушы мекеме бар. Бұл туралы  бүгін ӨКҚ  ақпарат алаңында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Сәбитұлы  пен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Еркінұлы  айтты, , деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Соның ішінде, қалалық бағыттарға 10 тасымалдаушы мекеме 575 бірлік автобуспен қызмет көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №38 қаулысы бойынша, қоғамдық көліктердің жұмысын алгоритмге сәйкес қайта жандандыру жоспарланып отыр.
Бірінші кезеңде маңызды 16 бағыт іске қосылады, екінші кезеңде қызметін бастайтын бағыттар қажеттілікке және талдауға байланысты анықталатын болады.
Дегенмен, тасымалдаушы мекемелердің автобустары, техникалық базалары санитарлық талаптарға сәйкес болуы тиіс және мекемелердің дайындығы туралы акттың болуы талап етіледі. Сондай-ақ, жүргізушілер мен жолсеріктер жеке қорғаныш құралдарымен, антисептиктермен жабдықталуы, рейс сайын дезинфекция және рейстен кейін күрделі тазалаудан өтуі арнайы жұмысшы тобымен қадағаланатын болады.
2020 жылғы облыстық бюджетті нақтылау кезінде электрондық билеттендіру жүйесін енгізудегі тасымалдаушы мекемелердің шығындарын субсидиялауға 94,8 млн. теңге қарастырылды.
Бүгінгі таңда, Тараз қаласының әкімдігі, «Орталық диспетчерлік қызмет» ЖШС және қалалық 10 тасымалдаушы мекеменің 9-мен(«ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС, «ТаразТрансМоторс» ЖШС, «Саяхат-99» ЖШС, «ДамРус» ЖШС, «Экспресс-05» ЖШС, «Саят» ЖШС, «ТаразПассТранс» ЖШС, «Мерей-2002» ЖШС, «№1 Тараз автобус паркі» ЖШС)электрондық билеттендіру жүйесін енгізу бойынша келісім шарттар жасалды.
Аталған жүйені а.ж. ІІІ-тоқсанында енгізу жоспарланған.
Leave A Reply

Your email address will not be published.