Жамбыл облысында МЖӘ орталығын ашу жоспарлануда

0 6
Жамбыл облысында МЖӘ орталығын ашу жоспарлануда , — деп хабарлайды «ZhambylNews” АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік экономиканың қай салаларында белсенді енгізілуде және оның дамуы жолында қандай кедергілер туындауда? Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен селектрлік кеңесте талқыланды.
Басқосуға өңір басшысы бейнеконференция режимінде қатысып отырды.
Өткен жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы тиіс 238 жобаның бірыңғай базасы құрылған болатын.
Айта кетейік, МЖӘ тетіктері денсаулық сақтау, білім беру, спорт, туризм, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік беруде. Тиісінше, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасы да жақсара түсуде. Мәселен, осы әдіс арқылы №1 қалалық ауруханасына ангиограф, ал Шу аудандық ауруханасына компьютерлік томограф алынған.
Бизнес пен мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың арқасында балабақшалар санын көбейту мәселесі де тиімді шешілуде. МЖӘ қағидатына сәйкес, мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік тапсырысына жеке меншік балабақшалар да қарастырылады. Биыл төрт балабақша мемлекеттік білім беру тапсырысын орындамақ.
Білім беру саласында мектеп асханаларын жаңғырту мақсатында оларды сенімгерлік басқаруға беру туралы 6 шартқа қол қою жоспарлануда. Дегенмен, өткен жылы жоспарланған 39 жобаның 15-і іске асырылмаған.
Меркі, Шу аудандары мен Тараз қаласындағы мектеп асханалары сенімгерлік басқаруға берілмеді. Тиісті әкімдер мен денсаулық сақтау басқармасына жаңа оқу жылы басталғанға дейін бұл мәселені шешуді тапсырамын. Жөндеу жұмыстары балалардың тыныш білім алуына кедергі келтірмеу керек, — деді Бердібек Сапарбаев.
Leave A Reply

Your email address will not be published.