Жамбыл облысында зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер тақырыбындағы Ашық есік күні өтеді

0 6

«БЖЗҚ» АҚ барша қауымды 2018 жылдың 27 наурызында сағат 10:00-де

Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі 177 мекен-жайы бойынша өтетін Ашық есік күніне шақырады.

Шараға қатысушылардың барлығы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төлемақы жасау туралы толыққанды және өзекті ақпарат ала алады.

Болашақ зейнеткерлерге келесі сауалдар бойынша кеңес беріледі:

— зейнетақы жүйесін жаңғырту себептері;

— зейнетақы жүйесіне 01.01.2018 жылдан бастап енгізілген өзгерістер;

— кесте бойынша зейнетақы төлемдерін жүргізу тәртібіне енгізілген өзгерістер;

— 01.01.2018 жылдан бастап бекітілген кесте бойынша жүргізілетін зейнетақы төлемдерін есептеу;

— базалық зейнетақыға қатысты өзгерістер.

«БЖЗҚ» АҚ қызметкерлері осы және басқа да сауалдарға қатысты жан-жақты және толыққанды ақпарат береді. Қатысушылар зейнетақы жинақтарының сақталуына орайөздерін толғандырған сауалдарға жауап алумен бірге мамандардан да жеке кеңес ала алады.

enpf.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.