Мәлік Ғабдуллиннің Ғабит Мүсіреповке жазған хаты

0 39

21.11.1944 ж.

Қадырлы Ғабит! Жас бала үлкен ағасын «ағай» десе жарасып, сыпайы көрініп ақ тұрады. Мен Сізді «ағай» дейтін едім, оным дұрыс та еді. Осы ашық хатымды «ағайсыз» ақ бастадым, айып етпеңіз. Олай еткенім үлкен ағам болдым дегендігім емес. «Зеркало и мартышка» деген мысал бар ғой. Сондай ақ, бүгін айнаға қарасам сақал-мұртым бедірейіп тұр екен. Аздап қылаңдап шашыма ақ еніп қалыпты. Бұл бір. Екінші, жуырда бір жақын жолдасты «ағай» деп атаймын деп оның өзінен ұрсу көріп қалдым, «қартайып, сақал-мұртың қағыс айналғанша ағай деуді қоймайды екенсің» дегені ғой. Сондай сөзді сізден де естіп қалам ба деп хатымды ағайсыз жаздым. Мұныма қарсы болсаңыз ағайлау оңай емес пе? Мен аман саумын, осы айдың 16-нан бері жаңа қызметке кірісіп істеп жатырмын, жұмыс көп. Қызметті бір қалыпқа келтірген соң майданнан әкелген қолжазбаларымды реттеймін. Сіздің очеркіңізбен оған қарсы жазылған мақаланы оқыдым. Ол жөнінде үлкен мақала жазып отырмын, жақында жіберем. Бұл хатпен жаңа адресімді білдіріп отырмын.

Хусниға, балаларға көп сәлем. Хат күтем.

МӘЛІК

Leave A Reply

Your email address will not be published.