Ер-азаматтарға қандай тағамды жеуге болмайды?

0 20
Дәрігерлер ер адамдарға кәуаптан толығымен бас тартуды ұсынады. Өйткені оның қызарып піскен қабықшасында денсаулыққа зиян келтіретін өте көп канцероген бар.
Дәмді қуырылған тауық еті де ерлерге тыйым салынған азық-түліктің қатарында. Ғалымдардың пікірінше, бұл тағамды тым көп тұтыну ерлерді «әйелге» айналдырып жіберуі мүмкін, өйткені ол ерлер гормонының қызметін бұзады. Ал егер қырыққабаттан жасалған салатты жеп, артынан сыра ішсеңіз, «әйелге» айналдым дей беріңіз. Айтпақшы, сумо балуандары жарыс алдында тек тауық етін жейді екен.
Шұжық қосылған бутербродты жақсы көретіндер де сақ болғаны жөн. Ақ нан еркектің қауқарын әлсіретсе, шұжықтың құрамында жүректің жұмысын нашарлататын көптеген канцероген мен тұз бар.
Ер адамдар жалбыз қосылған шай мен сағыздан да бас тартуы керек, өйткені жалбыз ағзаны тыныштандырып, еркектің қуатын төмендетеді. Еркектердің денсаулығына темекінің де кері әсері бар. Ғалымдар денсаулыққа тамақ қана емес, тұтас өмір сүру салты ықпал ететінін айтып отыр.
Дегенмен тамақ ағзаның жалпы тонусына және кез келген жастағы адамның көңіл-күйіне әсер ететін маңызды факторлардың бірі саналады. Бұдан бұрын салқын суда адам денсаулығына қауіпті екені хабарланған еді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.