Қасым-Жомарт Тоқаев Байқоңыр қаласының даму барысымен танысты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Президентіне қаланың қазіргі аxуалы мен әлеуметтік-экономикалық даму барысы және оның негізгі көрсеткіштері баяндалды.
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары-Президенттің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Б.Намаев қаладағы тұрғын үй салу, газбен және сумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңарту жөніндегі жобалардың іске асырылып жатқанын мәлімдеді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Байқоңыр» арнайы экономикалық аймағын құру жөніндегі тұжырымдамамен танысты.