Қазіргі уақытта өз күшіңе сүйену саясатын жүргізу мүлдем мүмкін емес — Тоқаев

0 25

Қазіргі уақытта өз күшіңе сүйену саясатын жүргізу мүлдем мүмкін емес. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Саяси болсын, оның үстіне инвестициялық, сауда-экономикалық болсын халықаралық ынтымақтастықты жақтаймын. Мен бұл жайында бүгін сөз сөйлеуімде де айттым. Егер бір бағытта ештеңе өнбесе, онда басқа бағытта кету қажет. Өйткені, әлем сондай. Қазір өз күшіңе сүйену саясатын жүргізу мүлдем мүмкін емес. Шындығында, таза күйде импортты алмастыру — жоқ. Мүмкіндіктерді басқа нарықтардан белсенді түрде іздеп, бір-бірімен өзара іс-қимыл жасау қажет», — деп атап өтті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үшін Қытай нарық ретінде үлкен мәнге ие екенін атап өтті. Қазақстанда өндірілетін көптеген тауардың ол елде үлкен сұранысқа ие екендігіне баса назар аудартты.

«Сондықтан Қазақстан Қытаймен өзара қарым-қатынасын бағалайды және сенімді серіктес санайды», — деді Мемлекет басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.