Елімізде наурыз мейрамында пойызға билет табу жеңілдейді

0 5

Наурыз мейрамы қарсаңында теміржол тасымалына 35 мың қосымша орын ашылады, деп хабарлайды Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Наурыз мейрамы кезеңінде жолаушылар ағынының артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ 20 рейске үш қосымша пойыз тағайындайды, сондай-ақ сұранысы жоғары бағыттарда қатынайтын қолданыстағы пойыздар құрамына қосымша 230-ға жуық тіркеме вагон енгізеді. Нәтижесінде жолаушыларға 35 мың қосымша орын ұсынылады. Қабылданған шаралар мереке күндерінде билет қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Қосымша пойыздар қозғалысы

№201/202 «Алматы-2 – Астана-1»

Алматы-2 станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз;
Астана-1 станциясынан: 21, 23, 25, 27, 29, 31 наурыз.
Барлығы — 6 рейс.

№204/203 «Астана Нұрлы жол – Шымкент»

Нұрлы жол станциясынан: 19, 20, 22, 23, 25, 26, 28, 29 наурыз;
Шымкент станциясынан: 21, 22, 24, 25, 27, 28, 30, 31 наурыз.
Барлығы — 8 рейс.

№205/206 «Ақтөбе – Астана Нұрлы жол»

Ақтөбе станциясынан: 19, 21, 23, 25, 27, 29 наурыз;
Нұрлы жол станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз.
Барлығы — 6 рейс.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан және теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады.

Осыған дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойызда жолаушы өзін жайсыз сезінген жағдайда қандай әрекет жасау қажет екенін еске салды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.