Мемлекеттік қызметшілер өзара бақ сынасты

0 23

Талас ауданында «Мемлекеттік қызметшілер күніне» орай мемлекеттік қызметшілер арасында аудандық спартакиада өтті.

Шараның ашылу салтанатына аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков арнайы келіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Үстел теннисі, тоғызқұмалақ, волейбол, бильярд, асық ату, арқан тарту, садақ ату, армреслинг сынды спорт түрінен бақ сынаған сала қызметкерлері өз мүмкіндіктерін жоғары деңгейде көрсете білді.
Бильярдтан аудан әкімдігі экономика және жоспарлау бөлімінің басшысы Ғазиз Әсемов үздік деп танылса, үстел теннисінен аудан әкімдігі жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы Темір Серікбайға шақ келер қарсылас табылмады. Сондай-ақ, асық атудан Тамды ауылдық округі әкімі аппаратының маманы Ернар Жакипбеков, қол күресінен әйелдер арасында қала әкімі аппаратының бас маманы Жансая Серікбаева, қол күресінен ерлер арасында берікқара ауылдық округі әкімі аппаратының маманы Нұрболат Құрманбай, садақ атудан әйелдер арасында қала әкімі аппаратының бас маманы Мөлдір Асилова, ерлер арасында Аққұм ауылы әкімі аппаратының маманы Нұрсұлтан Қабылбеков тұғыр биігінен көрінді.

Одан бөлек командалық ойын бойынша арқан тартудан Тамды ауылы командасы, волейболдан ауылдық округі әкімі аппараттарынан құралған «Болашақ» құрамасы 1-орынға лайық деп танылды.
Жеңімпаз спортшылар алдағы уақтта Тараз қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында өтетін облыстық жарыста аудан намысын қорғайтын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.