Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барды.
Әлия патшайым атындағы халықаралық әуежайда Мемлекет басшысын ханзада Әли бен әл-Хусейн мен Иордания Премьер-министрі Жафар Хасан қарсы алды.
Сапар аясында Король II Абдалламен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіліп, бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады.
Еске салсақ Астана мен Амманның өзара қарым-қатынасы жайында жазған болатынбыз.
Қазақстан мен Иорданияны мығым стратегиялық серіктестіктік біріктіреді. 2023 жылы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдық мерейтойы аталып өткен еді.
Сондай-ақ бүгін Мемлекет басшысы Ұлытау облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтқан еді.