Сиви Махмуди сырт келбетіне тағы да өзгеріс енгізді. Актриса қабағына броулифтинг отасын жасатты, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА
Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Броулифтинг – қастың орналасуын өзгертіп, маңдайды жоғары тартатын, сол арқылы көздің реңін ашатын ота. Сиви отаның осы түрін жасатқан.
Айтуынша, мұндай процедураның құны 120 мың теңге тұрады. Актриса желідегі парақшасында отаға дейінгі және кейінгі видеосын жариялады.
Айта кетейік, бұған дейін Сиви омырауын үлкейту үшін пластикалық ота жасатқан еді.