«Елдос Колобок» лақапатымен танымал әзілкеш Елдос Қадырханов жұрттан сүйінші сұрады.
Желі қолданушылары блогердің қуанышына ортақтасып, жылы лебізін жаудырып жатыр:
«Бауы берік болсын!», «Аллаға сансыз шүкір», «Тіл-көзден сақтасын!», «Құтты болсын», «Осы күнге де куә болдық, шүкір», «Бүкіл Қазақстан күткен нәресте», «Бауы берік болсын батырдың».
Айта кетейік, бұған дейін ерлі-зайыпты тоғыз жыл күткен ерекше жаңалығын жариялап, сәбилі болатынын айтты.