Әзілкеш әрі шоумен Тұрсынбек Қабатовтың қызы Айым әкесі туралы ашық пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол TikTok-та әкесімен бірге түскен суретін жариялады.
«Қандай болса да, әкемді қатты жақсы көремін. Бәрі қателеседі. Ол — өте керемет әке, әрқашан қолдайды. Сені жақсы көремін, әкешім. Сенің жақсылықтарыңды ешқашан ұмытпаймын», — деп жазды Айым.
Сондай-ақ, ол көпшіліктен әкесі туралы талқылауды тоқтатуды сұрады.
«Менің әкем туралы жаман нәрсе айтуды және түрлі видео жасауды доғарыңыздар. Бұл өмірде ешкім мінсіз емес», — деді ол.
Айта кетейік, Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанова 2003 жылы шаңырақ көтерген. Ерлі-зайыптының бес баласы бар: үш қыз және екі ұл.
Бұған дейінгі жағдай
Еске салайық, бұған дейін Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовпен ажырасқанын растады. Мөлдір Мұқанованың сұхбатынан кейін Тұрсынбек Қабатов та пікір білдіріп, балаларын блокқа қоймағанын айтты.