Ернар Айдардың концерттерінің бірінде ыңғайсыз жағдай орын алды. Ән кешіне келген әжей әншінің қолынан микрофонды тартып алып, жиылған жұртқа ұрысып берді. Ән тыңдауға кедергі келтіріп, шулаған балалар кейуананың ашуына тиген, деп жазады «ZhambylNews» АА Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Видео әншінің фан-парақшаларының бірінде жарияланды. Концерттің қай қалада өткені белгісіз.
«Айналайын халқым, бала тудыңдар ма, қарамайсыңдар ма?! Дәмханаға тойға барсаң, бала жылап жүреді, концерт көруге келсең, балалар жүгіріп жүреді. Ұят бар ма?! Суретке түсесіңдер ма, концерттен кейін Ернарды 1 сағатқа алып қалып, 500 теңгеден төлеп, қалағанша түсіңдер. Ұят деген бар ма сендерде өзі?!» — деп ашуланды әжей.