Қуандық Рахым тұңғышын перзентханадан шығарып алды

0 27

Бірер күн бұрын әке атанған Қуандық Рахым жұбайы мен қызын перзентханадан шығарып алды, деп хабарлайды   “ZhambylNews” АА  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстан қалаларын аралап, концерт беріп жүрген әнші бұл күнді отбасына арнады. Ол тұңғышымен алғашқы кездесу сәтін Instagram парақшасына жүктеді.

“Тілекпен кел, жүрекпен кел, Ағайын,
Жақсылықты жақын көрсін жат көрсін.
Тәңір төгіп шуағы мен арайын,
Қызым менің – Қызырлы үйге бақ болсын!” – деп жазба қалдырды ол.

Жас ана Назерке мен кішкентай балапанды шығаруға Қуандықтың отбасы мен туғандары жиналды. Ал әріптестері желі арқылы ақ тілектерін жаудырды.

“Тілекшіңнің бауы берік, құтты болсын бауырым”, – деді Нұрболат Абдуллин.

“Ғұмырлы болсын, аққұрдас!” – деп тілегін білдірді Төреғали Төреәлі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.