Ауылда сиыр сауған Тұрсынбек Қабатовтың келіншегі көпшілікті тәнті етті

0 19

Тұрсынбек Қабатовтың келіншегі ауылда сиыр сауған видеосын жариялап, көпшіліктің талқысына қалды. Желі оқырмандары Мөлдірдің жан-жақтылығы мен іске икемділігіне таңдай қағып, оған жылы тілектерін жаудырды, –  деп жазады “ZhambylNews” АА Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Әдетте елордадағы аста-төк өмірі мен шетелде қыдырғанын көрсететін Мөлдір Мұқанова бұл жолы ауыл атмосферасын көпшілікке сезіндірді. Биылғы демалысын БҚО-да өткізген Мөлдір енесіне қолғабыс етіп, келіндік міндетін атқарды.

Желіде жарияланған видеода Мұқановa бұзау тартып, сиыр сауған. Бұл сәтті оның балалары тамашалап, әрі таспаға түсіріп тұрған.
Мөлдірдің бұл әрекетіне желідегі оқырмандарымен қоса, өнер жұлдыздары да таңырқай қарады.

“Жаным, Мәке! Қолыңнан келмейтіні жоқ! Алла тіл-көзден сақтасын!” – деп сүйсінді Мөлдір Әуелбекова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.