Желіде үлкен шу тудырған «Ұйқым келмейді» әнінің орындаушысы тағы да ұятқа қалды. Ол отандық бағдарламалардың біріне қатысып, фонограммаға ілесе алмай қалды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алина Шакиева ел арасында кеңінен тарап кеткен әнін «Бір болайық» жобасының эфирінде орындады. Алайда ол өз фонограммасына ілесе алмады. Желі қолданушылары Шакиеваны да, оны эфирге алып шыққан арнаны да қатаң сынға алды.
«Мына ән нағыз тыңдаушыларын тапқандай екен», «Аудиториясын тауыпты», «Одан да Мұрат Әбілда күшті айта ма деп қалдым», «Осыны шығарып отырған телеарналарда ұят жоқ екен. Қазақ тілін қорлап, тілі келмесе, орысша айта бермей ме», «Мына әншінің орнына мен ұялып отырмын, ұят-ай», «Бұл да қоймайды екен. Орыс тілінде түсіндіріп жіберіңдерші, әбден мазақ болды ғой», «Қазақ тілімізді аяққа таптадыңыздар, әбден қор қылып», «Студия да мазақтың орны болыпты», «Келген жеріміз осы. Келешекте талғамымыз осындай әндер болады», «Құсқым келіп кетті ғой», – деп жазды оқырмандар.