Димаш Құдайберген Алматыдағы алғашқы концертінде інісі жазған әнді шырқайды

0 32

23 қыркүйекте Алматы қаласындағы аңызға айналған Орталық стадионда Димаш Құдайбергеннің Stranger атты көптен күткен жеке концерті өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. тілшісі.

Әлемнің 68 елінен Димаштың жанкүйерлері концертті тамашалау үшін Қазақстанға арнайы келді. Ауқымды іс-шараны ұйымдастыруға 200-ден маман, 400 волонтер жұмылдырылған. Көрермендерді ультразаманауи, ауқымды және әсерлі шоу күтіп тұр.

Концертте Димаш бэнд-тобымен бірге 31 композиция орындайды. Көрермендер сүйіп тыңдайтын әндер шырқалады. Сондай-ақ Димаш алғаш рет жеке концертінде жанкүйерлеріне жақында жарық көрген туындыларын ұсынбақ. Одан бөлек Stranger шоуы аясында жаңа әндердің тұсауы кесіледі. Димаш алғаш рет інісі Әбілмансұр Құдайберген жазған әнді шырқайды. Әбілмансұрдың өзі де маэстро Ренат Гайсин жазған авторлық аспаптық шығарманы орындайды, – деді Димаш Құдайбергеннің баспасөз қызметі.

Жақында Димаштың испан тілінде жарияланған ән мәтінін жазуға Қазақстанның Мексикадағы елшілігі көмектескен. Ал биылғы күздің көп күткен премьерасы – Димаштың ешкімді бейжай қалдырмайтын «Бір аспанның хикаясы» атты авторлық шығармасы.

Концертке үлкен халықаралық бишілер ұжымы, сондай-ақ атақты Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі мен «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі қатысады.

Stranger концерті Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Бас серіктестер – OPPO және Freedom Broker инвестициялық компаниясы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.