Шәкірттері 75 жасқа толған Алтынбек Қоразбаевқа темір тұлпар мінгізді

0 75

Алтынбек Қоразбаевтың Мейрамбек Бесбаев пен Тоқтар Серіков бастаған шәкірттері ұстаздарына темір тұлпарды сыйға тартты. Бұл туралы әнші Сәкен Майғазиев өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Сіздердің де шәкірттеріңіз еңбектеріңізді бағалап тұлпар мінгізсін”, – деп жазба қалдырды өнер иесі.

Композиторға автокөліктің кілтін табыстап жатып Тоқтар Серіков: “Шәкірттеріңіздің атынан елдің, ағайын-туыс, достарыңыздың алдында шаршамай жүрсін деп темір тұлпар мінгіземіз”, – деді.

Айта кетейік, композитор, әнші Алтынбек Қоразбаев 1 ақпан күні 75 жасқа толды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.