60 миллионға үйін сатып, кино түсірген актер, әзілкеш Жахан Отарғалиев баспаналы болды. Осылайша ол жұбайы Балжан Бидаштың арманын орындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Үй алдық. Шын жүректен құттықтай берсеңіздер болады. Үймізді сатамыз дегеннен бастап барлығы: “Сатпа, кейін ала алмай қаларсың” деп уайымдап еді, сіздердің уайымдарыңызды басып қояйық деп шештік”, – деп көпшіліктен сүйінші сұрады Жахан Отарғалиев.
Сондай-ақ ол үй сатып алуға әйелі түрткі болағынын айтты.
Бір күні үйге келсем, Балжанның көңіл күйі жоқ. “Мен бірдеңе бүлдірдім бе, әлде еркелетпедім бе” деп ойлана бастадым. Сөйтсем, бізді пәтер жағалап жүр” деп жаңалыққа шығарып жіберіпті. Мен көңіл аудармағаныммен, Балжанға бұл сөз ауыр тиген болу керек. Мен оған әрқашан қолдау көрсетуім керек. Себебі мен” үйді сатып, кино түсіремін дегенде ол ойланбастан, мені қолдаған болатын”, – дейді актер.
Ал «Kesh You» тобының экс мүшесі Балжан Бидаш пәтер туралы жаңалықтың неден басталғанын бастан-аяқ баяндап берді.
“Қазіргі тұрып жатқан пәтеріміз бір бөлмелі. Кішкентай, бірақ екеуіміз сыямыз. Чемодандарды жатын бөлмедегі төсектің жанына тізіп қойғанбыз. Ұйықтар кезде соның үстіне ноутбук қойып, кино көреміз. Бір күні сол сәтті әлеуметтік желіге салып, “Осылай чемодандардың қасында ұйықтаймыз” деп әзілдеген болатынмын. Сөйтсем, “Балжан үйге мұқтаж” деген жаңалықтар тарап кетіпті. Көңіл күйім түсіп қалды. Мені аянышты қылып көрсетіп жазғаны маған қатты ауыр тиді. Жаханның келгенін күтіп, оған “үй алайықшы” дедім. Сөйтсем, Жахан үй алуды ойлап жүр екен. Мен оған арманымдағы үйді айтқан болатынмын. Осылайша, менің арманымды орындады”, – дейді Балжан Бидаш.